Президенттің 10 тапсырмасы – іс-әрекеттер жасауға басшылық

Президенттің 10 тапсырмасы – іс-әрекеттер жасауға басшылық

        2018 жылғы 15-19 қаңтарда  «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕ АҚ Әскери іс институтында (әскери кафедрада) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын қолдау және насихаттау мақсатында іс-шаралар өткізілді.

         Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау бойынша іс-шара профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттердің Қазақстан Республикасының Гимнін орындаудан басталды.

       Әскери кафедраның бастығы әділет полковнигі Т.Т.Сағымбековтің, әскери кафедраның оқытушысы запастағы подполковник К.Ж. Аликуловтың баяндамаларында, Елбасының Қазақстанның 30 дамыған елдер қатарына тезірек енуі үшін 10 өзекті мәселені атап өткені айтылды.

         Әділет полковнигі Т.Т.Сағымбеков Елбасының білім жүйесіне қатысты атап өткен тапсырмасын жүзеге асыру әскери кафедраның оқытушылар құрамының кәсіби өсуі және дамуы үшін мотивациялық серпіліс болатынын атап өтті және Қазақстандағы саяси тұрақтылық пен қоғамдық ортақ келісімнің арқасында әскери кафедра қызметкерлерінің жұмыстары өз Отанының лайықты қорғаушысын, жоғары саналы патриотты, өз Отанын мақтан тұтатын, Қазақстан Республикасының мүдделерін және Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысын қорғау бойынша азаматтық және конституциялық парыздарын орындауға дайын азаматтарды тәрбиелеуде басты бағыт болып табылады.

         Оқытушылар ұжымы, қызметкерлер  және әскери кафедраның студенттері Елбасының қойған тапсырмаларын жүзеге асырудың жолдарын талқылады. Бүгінде  «100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» 60 қадамы жүзеге асырылды, ол қалғандары ұзақ мерзімді және жоспарлы жүзеге асырылуда. Осымен қатар Индустрияландыру жоспары сәтті жүзеге асырылуда, «Санды Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы дейінгі дамуының Стратегиялық жоспары әзірленді.

      Студент жастар үшін Жолдаудағы адам потенциалын дамытуға қатысты бағыттар ерекше тақырып болды. Бүгінде білім бәсекелестікке қабілетті, мақсатқа бағытталған мемлекеттің, белгілі нәтижелерге және нақты мақсаттарға қол жеткізе алатын мемлекеттің негізі болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын насихаттауға бағытталған іс-шаралар Әскери іс институтында профессорлық-оқытушылар құрамы және оқу-көмекші персоналмен 5 күн аралығында, 80 адаммен, сонымен қатар «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті», Алматы Энергетика және байланыс университеті, Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті, Азаматтық авиация академиясы және Қазақстан-Британия техникалық университеті студенттерінің қатысуымен өтті.

1

2

3

4

5

574
19 қаңтар 2018
Наверх