«Өмір сыйла» акциясы

«Өмір сыйла» акциясы

Үстіміздегі жылдың қазанның 23-нен 26-на дейінгі кезеңде Satbayev University әскери кафедрасында кезекті еркін түрде және ақысыз негізде «Өмір сыйла» атты донорлық акция өткізілді.

Кезекті донорлық акцияны ұйымдастыруға Satbayev University әскери кафедрасының студенттері тілек білдірді. Донорлық акцияға әскери кафедраның оқытушылары да және студенттері де қатысты. Қанға зәру емделушілер үшін 450-ден астам оқытушы, қызметкер және студент өз үлестерін қосты.

Алматы қаласының қалалық қан орталығының қызметкерлері донорлық қанға мұқтаж қаланың барлық емдеу мекемелерін – балалар ауруханалары, перзентханалар, барлық емдеу кәсіпорындарын қамтамасыз ететін айтты.

Дәрігерлер әлемде әрбір минут сайын кез келген жастағы адамға және әлеуметтік шығу тегіне байланыссыз өмірлік көрсеткіштер бойынша қан құю қажеттілігі туындайды дейді. Донорлар медицина үшін өте құнды. Және қан тапсыру организм үшін пайдалы. Процедураға кіріспес бұрын келген барлық адамдарға міндетті түрде тәтті шәй және тоқашпен сый көрсетеді.

Қан тапсыру – бұл қарапайым және ауыртпайтын процедура, бірақ көптеген емделушілер үшін өте маңызды, сондықтан қан орталығының қызметкерлері өзге адамдардың өмірін сақтап қалуға уақыт табатындарға ризашылықтарын білдіреді.

Басқа адамның өмірін сақтай отырып, өзіңнің тірі бөлігіңді бере отырып, әрбір адам өзінің қанының қауіпсіз болғаны жағдайында пайда әкелетінін есте сақтауы керек. Қауіпсіз қанда вирустар, паразиттер, наркотикалық заттар, алкоголь, химиялық қоспалар және тағы басқа ауру адамға зиян келтіретін заттар болмауы тиіс. Сондықтан салауатты өмір салтын сақтау өте өзекті мәселе болып отыр. Донордың денсаулығы – тек қана оның жеке капиталы емес – бұл басқа да адамдардың үміті және денсаулығы.

Өмір сыйла акциясы

Өмір сыйла акциясы

1876
10 қараша 2017
Наверх