Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ әскери кафедрасында әскери-патриоттық жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ әскери кафедрасында әскери-патриоттық жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде

        

         Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев біздің қоғамымыздың назарын жастарды патриотизм рухында тәрбиелеуге үнемі аударады. Жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу – осындай басымдық еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен анықталды.

       Кез келген мемлекеттің тіршілігінің маңызды шарты ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мықты, тұрақты азаматтық қоғам болып табылады. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу  мемлекеттік саясаттың ең маңызды және басымдық мақсаттарының бірі ретінде, оның кез келген саласында жүзеге асыруда бүгінгі күні объективті қажеттілік және осы заманғы қоғамды дамытудың негізгі шарты болып табылады. 

         Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге Қ.И. Сәтбаев атындағы «Қазақ ұлттық техникалық университеті» КЕ АҚ әскери кафедрасы да өзінің қомақты үлесін қосуда.

        Бүгінде әскери кафедраның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін еліміздің шынайы патриоттарын – аса өнегелі және жоғары білікті запастағы офицерлерді дайындау. Университеттің әскери кафедрасында әскери дайындық жоғары кәсіби деңгейде, әскери-патриоттық тәрбиелеумен түйіскен бірлікте өткізілуде.

        Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IY «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Азаматтарды әскери қызметке дайындау Қағидаларының 12-тармағын және ҚР Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 «Қ.И. Сәтбаев атындағы «Қазақ ұлттық техникалық университеті» КЕ АҚ Әскери іс институтында (әскери кафедрада) алғашқы әскери дайындықты ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар оқу-материалдық базасын қалыптастыру Ережелерін бекіту туралы» бұйрығының 7-тармағын орындау үшін 2018 жылғы ақпанның 12-нен 19-на дейінгі кезеңде жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу аясында әскери кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының Алматы қаласы Бостандық ауданының колледждер және мектептер оқушыларымен кездесулері өткізілді.

      Осындай іс-шаралар оқушылардың бойында жоғары патриоттық сананы, Отанды қорғауға жеке жауапкершілігін, еліміздің Конституциясына адалдықты қалыптастыру, сонымен қатар біздің университетіміздің беделін арттыру мақсатында өткізіледі.

        Патриоттық тәрбиенің ажырамас элементі – жастарды әскерде қызмет етуге дайындау. Отанды қорғау - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы және міндеті. Бүгінгі күннің жастары үшін әскери қызмет – бұрынғы бабаларымыздың батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген және қазіргі заманғы қазақстандық армияның дәстүрлерімен әр күн сайын нығайып келе жатқан қазақстандық патриотизмнің мектебі болып табылады.

        Оқушылар үшін әскери кафедраның оқу-материалдық базасын, артиллерист-офицерлерді дайындау үшін оқу орындарын, шағын калибрлі артиллериялық полигондарды көрсету ұйымдастырылды. Оқушылар бұдан басқа әскери кафедраның оқу аудиторияларын және мұражайын көрді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуы және даму туралы фильм көрсетілді. Тәжірибелі оқытушылар кафедраның тарихы, қызметі және әскери іс институтының күнделікті іс-әрекеттері туралы айтып берді.

                                                                                                                                                                                                       Әскери кафедра окытушысы

                                                                                                                                                                                           запастағы подполковник К.Аликулов

123456

410
23 ақпан 2018
Наверх