Ерлік сабағы

Ерлік сабағы

«Бүгін де мемлекет бірінші кезекте,

қарапайым емес істе, жастармен жұмыстарға мүдделі. Жаңа ұрпақтың бойында әскери-патриоттық көңіл-күйді тәрбиелеу өте маңызды», деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

 

         Ауғанстаннан Кеңестер әскерлерін шығарудың 29 жылдығын атап өту мақсатында және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу аясында 2018 жылғы 15 ақпанда Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ акт залында студенттердің Ауғанстандағы жауынгерлік іс-әрекеттердің ардагерлерімен кездесуі өтті.

         Іс-шараның басталу алдында әскери кафедраның бастығы әділет полковнигі Сағымбеков Талғат Тұрғанбекұлы ардагерлерге әскери кафедраның тарихы және оқу процесінің ұйымдастырылуы туралы айтып берді, оларды оқу-материалдық базамен таныстырды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісті және ЖОО басшылығы және әскери кафедраның өткізіп отырған жұмыстары запастағы офицерлерді дайындау бойынша оқу процесін сапалы ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ардагерлер әскери кафедраның мұражайына қызығушылықпен қатысты, Отанымыздың болашақ қорғаушыларын тәрбиелеудегі әскери кафедраның тарихы туралы, тарихи экспонаттардың және стендтердің маңыздылығын атап өтті. Ардагерлер Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ әскери кафедрасына Құрметті келушілердің кітабында өздерінің естелік жазуларын қалдырды.

Бұл күні әскери кафедраның акт залы студенттерге және оқытушыларға лық толды. Студенттер үшін Ауғанстандағы жауынгерлік іс-әрекеттердің ардагерлерімен кездесу осы жылғы ұмытылмас оқиға  болды.  Іс-шараға ҚазҰТЗУ әскери кафедрасында 32 жыл қызмет атқарған, отставкадағы полковник Линьков Анатолий Николаевич (Ауғанстан  Демократиялық Республикасында 1979-1981 жылдары интернационалдық борышын атқарған), ҚазҰТЗУ әскери кафедрасында 2002-2012 жылдары қызмет атқарған отставкадағы подполковник Апарин Александр Иванович (Ауғанстан  Демократиялық Республикасында 1985-1986 жылдары интернационалдық борышын атқарған) және запастағы майор Талысбаева Найля Кабдыкаримовна (Ауғанстан  Демократиялық Республикасында 1985-1987 жылдары интернационалдық борышын атқарған) қатысты.

Іс-шара жастарды туған жеріне жан қиярлыққа, өз тарихы және Отанына деген махаббаты үшін мақтанышта тәрбиелеудің басты символы ретінде -  Қазақстан Республикасының Гимнін орындаудан басталды.

Іс-шараны кафедраның бастығы әділет полковнигі Сағымбеков Талғат Тұрғанбекұлы ашты. Ол Ауғанстандағы соғыстың тарихы туралы айтып берді: «Студенттердің осы елде туғанын және өмір сүргенін мақтан тұтуы үшін біз Отанға деген махаббатты дамытуға тырысамыз. Олар бейбіт уақытта да жергілікті жерлерде соғыстардың болып жатқанын білуі тиіс: адамдар қаза табуда, ерліктер жүзеге асырылуда. Біз ардагерлердің әскери кафедра басшылығының бастамашылығын қолдағанына және олардың студенттерді әскери-патриоттық тәрбиелеу аясында «Ерлік сабағын» өткізуге бізге келгеніне қуаныштымыз. Аталған іс-шараның мақсаты студенттердің бойында азаматшылықты, басты рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар ретінде патриотизмді, олардың санасында кәсіби маңызы бар қабілеттерді, шеберліктерді қалыптастыру және қоғамның әртүрлі салаларында оларды белсенді таныта білу, әсіресе әскери және басқа да онымен байланысты мемлекеттің қызметтің түрлерінде, бейбіт және соғыс уақытында конституциялық және әскери парызға адалдықты, жоғары жауапкершілікті және тәртіптілікті дамыту болып табылады», деп атап өтті өз баяндамасында әділет полковнигі Сағымбеков Т.Т.

Студенттер ардагерлердің Ауғанстандағы оқиғалар туралы әңгімелерін үлкен құрметпен және ықыласпен тыңдады, өздерін толғатқан сұрақтарды қойды, пікірлермен,  тілектермен алмасты, ардагерлерге мағыналы әңгімелері үшін алғыс айтты. Қонақтар Кеңестер әскерлерінің Ауғанстандағы интернационалдық борыштарын атқарғаны, батылдық, өжеттілік, интернационалист жауынгерлердің Ауғанстанның қатал табиғи жағдайларында күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі жауынгерлік жолдастықтары туралы айтып берді.

Біз Ауғанстан соғысында қаза тапқандардың рухы алдында басымызды иеміз, біздің ардагерлерімізге шексіз алғысымызды және аса құрметімізді білдіреміз. «Ерлік сабағына» қатысушылардың барлығы алыс Ауған жерінде өмірін құрбан еткендерді минуттық үнсіздікпен еске алды.

Осымен қатар ардагерлер Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күнін ерекше толғаныспен атап өтті, бұл күн – ауған жауынгерлерінің әрі мейрамы, әрі барлық қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алу, аза тұту күні.

Әскери кафедраның бастығы әділет полковнигі Сағымбеков Т.Т. ардагерлердің алдында сөз сөйлегенде «Біз өз парыздарын үлкен абыроймен атқарған интернационалист жауынгерлердің ерліктері алдында басымызды иеміз. Бүгін де сол жылдардың тарихи тәжірибесін зерделеу, сабақтарын пайымдау өте маңызды  болып табылады. Ауғанстан соғысының жауынгерлері туралы естелікті сақтауға мұқият қараудың маңызы кем емес, себебі тарихи естелік елдің және қоғамның негізі болып табылады. Осындай іс-шаралар бізге Отанның болашақ қорғаушылары ретінде, өзіміздің рольімізді сезінуге, біздің батырлық өткеніміздің қазіргі заманмен байланысын анықтауға, әскери дайындыққа аса жауапкершілікпен қарауға көмектеседі» деп атап өтті.

Қазіргі уақытта Ауғанстан соғысына және оған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының қатысуына көзқарас әртүрлі және қарама-қайшы. Кеңестер өкіметі ол соғыс туралы онша есіне алмады. Алайда бүгін де қазақстандықтар Ауғанстан соғысының ардагерлеріне құрметпен және сыйластықпен қарайды. Елімізде Ауған соғысында қаза тапқандарға арналған естелік мемориалдық кешендер құрылған. Үлкен және кіші қалаларда бастамашыл ардагерлер митингілер ұйымдастырады, ауғандықтардың туысқандары, жақын адамдары,  достары және патриоттық сезімдегі қарапайым адамдар колонналармен жүреді, олар үшін соғыс – бос үн емес. Біздің Ауған жауынгерлеріміздің даңқы мәңгі арта берсін!

Студенттер ауған соғысы туралы «Соңғы сарбаз» фильмін және әскери кафедраның ұжымымен дайындалған, интернационалист жауынгерлерге және «Ардагер» Республикалық Ауғанстандағы және жергілікті жерлердегі соғыстардың ардагерлері және мүгедектерінің қоғамдық кеңесінің тиянақты еңбегіне арналған видеороликті қарады, ол жастар арасында шынайы патриоттарды және еліміздің болашақ қорғаушыларын тәрбиелеу бойынша әскери-патриоттық жұмыстарды жүргізуге бағыталған.

Студенттердің және әскери кафедра қызметкерлерінің Ауғанстандағы жауынгерлік іс-әрекеттердің ардагерлерімен естелік суретке түсуі ұйымдастырылды.

Әділет полковнигі Сағымбеков Т.Т. және Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректоратының өкілдері іс-шараны интернационалист-жауынгерлерге жақсы лебіздерін, алғыстарын айтумен аяқтады және оларға естелік сыйлықтар және Университет ректоры Бейсембетов Искандер Қалыбекұлынан азық-түлік себетін табыстады.

1234567891011121314
 

532
21 ақпан 2018
Наверх