обложка

Әскери кафедрадағы Қазақстан Қарулы Күштерінің 26 жылдығы және Жеңіс күні мерекесі

Осыдан 26 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Тәуелсіз мемлекетіміздің төл Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағында орналасқан Қарулы Күштер  өздерінің мүліктерімен қоса, Республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

Аталған жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді.

Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.

Өткен уақыт ішінде еліміздің басты құндылықтары - бейбіт өмір мен тыныштықты, өркениетті елдер қатарында қарыштап дамудың алып қадамдарын жасап келе жатқан мемлекетіміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында талай іс атқарылды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері сапында Отан алдындағы жауынгерлік борыштарын атқарып жүрген әскери қызметшілерімізге жүктелер жауапкершілік орасан зор.Тәуелсіз еліміз төл армиясы қатарында қызмет ету-үлкен құрмет.

Қазақстанның Қарулы Күштері де елмен бірге дамып, елмен бірге заманауи талаптарға сай жетіле түсүде. Президент Жарлығымен 1992 жылы құрылған Қарулы Күштер алғашқы бес жылда біраз қиыншылықтарды бастан кешірді. Әскери кадрлар жетіспеді. Ескі техника, жанармай тапшылығы қолбайлау болды. Бір танкіні жүргізіп, бір тікұшақты ұшыру қиындық келтірді. Әскерилерге уақытында жалақы берілмеді. Соның бәріне төзіп,шыдамдылық көрсетіп,тұйықтан шыға білдік. Қазақстанның әскери тарихында осы алғашқы қалыптасу кезеңдері жазылып тұр.

Ал бүгінгі әскеріміз қандай? Қарулы Күштердің алдында үлкен міндеттер тұр. Жыл сайын паркімізді әскери техниканың соңғы улгілерімен белгілі деңгейге жаңартып келеміз. Бұл процесс енді бір 8-9 жылда Қарулы Күштерімізді әлемдік озық негізгі әскери күштер талаптарына сай толығырақ жарақтандыруға мүмкіндік береді. Бұл жерде мына бір жайға назар аудару керек. Әлемнің бірде-бір елінің армиясы қазіргі замаңғы әскери техникамен 100 пайыз қамтамасыз етілмеген. Өйткені, әр техниканың белгілі уақытта ауыстырылуға тиісті “өмір сүру” циклі болады. Мерзімі келгенде конструкторлар оларды одан әрі жетілдіру, қуатын арттыру бағытында жұмыстар жүргізеді. Сол тұрғыдан келгенде біздің  Қарулы Күштерімізде де стратегиялық маңызды көрсеткіштер үнемі анықталып отырады.

Мәселен, әлемдік әскери қару нарығындағы өзгерістерді,соңғы кездерде әр жерде болып жатқан соғыстар мен қарулы қақтығыстарды зерттеп, Қорғаныс министрлігінде, Бас штабта осы негізгі көрсеткіштерді ұдайы үйлестіріп отыруға назар аударылған. Ал бұл Қарулы Күштеріміз ең озық әскери техникамен жарақтандырыла береді деген сөз.

Мемлекет тарапынан әскерилер үшін барлық жағдай жасалған. Қарулы Күштер бөлімдері үнемі түрлі деңгейде оқу-жаттығулар өткізіп, әскери шеберлігін кәсіби біліктілігін көтеріп отырады.

Біз Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымдамыз. Жыл сайын ұйымға мүше мемлекеттер әскерлерімен бірге әскери жаттығуларға қатысамыз. Жылдан әрі шалт қимылдамайтын мобильді әскеріміздің бары сол жаттығуларда анық байқалады. Заманауи техника мен қару,  білікті әскери мамандар кез келген жағдайда алға қойған мақсатына жете алады. Әскері қуатты ел алаңсыз өмір сүреді. Бүгін Қазақстан Қарулы Күштері сол тұрғыда жан-жақты жетілдірілу үстінде. Ендеше,еліміздің тыныштығы берің қолда деу керек.

...Адам баласының бойында жігерлілік болмаса, ойлаған мақсатына жете алмайды. Әрине, жаттығудың орны бөлек екені сөзсіз. Сонда да өршіл мінез, талапшылдық қай қысылтаяң сәттен де алып шығады. Ал қазіргі біздің әскер сапындағы сарбаздардың бойында осы қасиеттер бар.

Әлемдік деңгейде әлі ауыздықтала қоймаған жаһандық дағдарыстың сипатына қарамастан, еліміздің әскери құрылымын одан әрі жетілдіріп, маңызды шараларды тұрақты өткізеді. Осы құрылым бойынша отандық білім беру жүйесін қалыптастырып үлгердік.Ұлттық қорғаныс университеті, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты және Әскери-теңіз институты - соның дәлелі.

Жастарымыздың қай - қайсысының кеудесінде елім, жерім деген намыс оты жанып тұруы керек. Ол үшін балабақша, мектеп, жоғары оқу орны, жұмыс орны, әскер болсын, қай жерде де отаншылдық, туған жерге деген сүйіспеншілік тұрғысында жұмыстар жургізілуі тиіс. Жас сарбаздарды бұрынғы еңіреп өткен ерлеріміз бен ел қорғаған батырларымыз рухымен, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов, Әлия мен Мәншүк сияқты қазақтың өзге де қайсар ұл-қыздары үлгісімен тәрбиелеу қажет.

Өз отанын сүйіп оны қорғайтын, осы заманға сай, білімді де білікті әскери маманды тәрбиелеп  дайындауда  Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зертеу техникалық университеті әскери істері институтының (әскери кафедрасының) үлкен үлесі бар.

Бүгінгі күнде Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зертеу техникалық университеті әскери істері институтының (әскери кафедрасының) басты міндеті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жоғары білікті запастағы офицерлер дайындау. Мұндай дайындық университеттегі мамандары кәсіби дайындаумен біріге жоғары ғылыми-техникалық деңгейде өткізілуі керек.

ҚАЗҰЗТУ әскери істері институтында (әскери кафедрасында) оқу процесін жетелдіру ұдайы жүргізіледі. Студенттер алған білімдерін тәжірибелік сабақтар арқылы бекітеді. Бұл үшін арнайы дәрісханалар, оқі жаттығулары, әскери оқу техникасы, қарулар мен оқ-дәрілер бар. Артиллериялық қарулар мен минометтердің барлық негізгі тораптары мен агрегаттары оқып-үйрену үшін жеткілікті түрде жеке көрсетілген. Болашақ артиллеристер артиллерия атысын жүргізу тәсілдерін оқып-үйренеді, әскери-оқу техникасының негізгі агрегаттарын реттеу, бөлшектеу мен жинау бойынша тәжірибелік дағды алады.

Студенттердің білімінің сапасын жетілдіру мақсатында әдістемелік, әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу, рационалдау және өнертапқырлық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Оқыту процесіне компьютерлік техника мен заманға сай жаңашылдық технологиялар қарқынды түрде енгізіліп, компьютерлік бағдарламалар қолдануымен оқу фильмдері түсірілуде. Мұның бәрі оқытудың жаңа болашағын көрсетеді. Студенттер осы бір шығармашылық процестен тыс қалмайды. Көптеген қабырғалық материалдар, макеттер және тағы да басқа көрнекілік құралдар олардың қолымен жасалған.

Әскери кафедрадағы ұйымдастыру қызметі жастарды әскери-патриоттық тәртіпке бейімдеуге, Отанды қорғауға үйретуге, оларды әскери қызметке ынталандыруға және де әскери мамандықтың абройын арттыруға айтарлықтай көңіл бөледі. 

        5 мамыр күні Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ әскери кафедрасында 9-Мамыр – Ұлы Отан соғысындағы  Жеңістің 73 жылдығы, 7-Мамыр – Отан қорғаушылар күніне –  на арналған мерекелік   шара өтті. Оған Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректорының аппаратының жетекшісі Мухтыбаев Берик Хамитович, көптеген ҰОС ардагерлері мен интернационалист-жауынгерлер  қатысты.

Салтантты жиын мерекелік құттықтауларға ұласты. Жұртшылықты университеттің ректорының аппаратының жетекшісі Мухтыбаев Берик Хамитович, ардагерлер, әскери кафедра озат студентері Чипатаев Нурсултан және Жарқынбек Көкен құттықтады. Мерекелік іс-шара  әскери-спорттық ойындар, әскери-дайындық жаттығулары бойынша жарыстарға ұласты. Жас жауынгерлер «АК-74» соғыс құралын  бұзып-жинау жылдамдығы бойынша сынға түсті.  Жаралыны алып жүру жылдамдығы, турникке тартылу, 100 метр қашықтыққа жүгіруден  байқау өткізілді.  Жеңімпаздар  бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Содан соң   мереке қонақтары ҚазҰТЗУ-дың  Әскери кафедрадсындағы заманауи әскери құрылғылармен танысып,  әскери дала қосынан дәм татты.

Ісшараның қонақтары әскери кафедра басшылығын жастарға әскери патриоттық тәрбие берудегі жұмысына алғыс білдірді және өскелең ұрпақты Қазақстанның нағыз патриоттары болуға шақырды.

Отан қорғаушылар мен ҰОС жеңіс күнініне арналған әскери кафедра студентері арасында әскери-спорттық эстафетасы жеңімпаздарына университет ректорының аппаратының жетекшісі Мухтыбаев Берик Хамитович және әскери кафедра бастығының орынбарсары полковник Аккузинов Әсет Кайролдинович арнайы жүлделер мен  алғыс хаттарды табыстады.

Іс-шараның соңында Отан қорғаушылар мен ҰОС жеңіс күнініне арналған оқу взводтарының арасында саптық жүріспен әнді орындау байқауы өткізілді. Байқауға 2 және 3 курс студенттері қатысты. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша жеңіпаздар аныкталды. Байқаудың барлық жеңімпаздары грамоталармен марапатталды.

Сөйтіп, ҚазҰТЗУ Әскери кафедрасындағы осынау  мерекелік шара  жастардың бойында Отаншылдық сезімін дамытуда өз ықпалын тигізді.

         Тамаша мереке қарсаңында Қ.И.Сәтбаев ҚазҰЗТҰ әскери істері институтының (әскери кафедрасының) профессорлық және оқытушы құрамы мен оқу-көмекші қызметкерлері өздерінің жетістіктерін толық бағалай келіп, өздерінің алдағы уақыттағы жұмыстарының болашағына  сенімді және өз Отаны мен университетінің игілігі үшін талмай еңбектенуге әрдайым дайын.

Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлерін, біздің елімізді қорғап жүрген барша әсерилерді, Қ.И.Сәтбаев ҚазҰЗТҰ профессорлары мен оқытушыларын, университетіміздің студентерін Отан қорғаушылар күнімен және Үлы жеңіс кунімен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметте биік табыстар тілеймін.

 

ҚазҰТЗУ әскери кафедрасы оқытушысы

подполковник Әліқұлов Қ.Ж

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

10

11

12

13

14

15

16

193
18 мамыр 2018
Наверх