Әскери кафедрадағы Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығы және Жеңіс күні мерекесі

Әскери кафедрадағы Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығы және Жеңіс күні мерекесі

5 мамыр күні Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да 9-Мамыр – Ұлы Отан соғысындағы  Жеңістің 72 жылдығы, 7-Мамыр – Отан қорғаушылар күніне –  на арналған мерекелік   шара өтті. Оған университеттің оқытушы ұстаздары мен студенттері, сондай-ақ, арнайы шақырылған Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, Чернобыль АЭС-сы апатынан кейінгі жөндеу жұмыстарынан зардап шеккендер мен Ауған соғысы ардагерлері қатысты.  

         Шара ҚазҰТЗУ-дың Бас оқу ғимаратындағы   «Даңк мемориалына» гүл шоғын  қоюмен басталды.     Ұлы Отан соғысында қаза болғандар рухына арналған гүл шоғын Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Ректоры  Ескендір Бейсембетов пен ҚазҰТЗУ-дың соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің төрағасы Мұрат Нұрлыбаев қойды. Бір минут  үнсіздік жарияланды. Содан соң мереке қонақтары ҚазҰТЗУ-лық өнертапқыш  ғалымдарының қатысуымен  жасалған  электр автобусына отырып, университеттің Әскери кафедрасы ғимаратына келді. Бұл жерде институт тәлімгерлерінің салтанатты шеруі өтіп, салтантты жиын жалғасты.

Әскери кафедрада Отан қорғаушылар мен ҰОС жеңіс күнініне арналған «Ашық есік» күні өткізілді, оған Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің академиялық жұмыстар жөніндегі проректорі Искаков Ринат Маратович, университет ректорының аппаратының жетекшісі Мухтыбаев Берик Хамитович, көптеген ҰОС ардагерлері мен интернационалист-жауынгерлер  қатысты.

Салтанатты жиында әскери кафедра бастығы әділет полковнигі  Сагымбеков Талгат Турганбекович «Әскери кафедраның әскери-патриоттық тәрбиелеудегі рөлі» тақырыбында баяндама жасап, кафедрада атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды.  Ол: «Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы саналатын жастар тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары сан тарау. Солардың ішінде жас ұрпақты патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады.Тәрбиенің бұл түрі жастарды елін қорғауға, ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық қасиеттерге баулиды», – деп атап өтті. «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің әскери кафедрасының 1934 жылдан басталатын 80 жылдан астам тарихы бар. Әскери кафедраның құрылғаннан бері толығымен алғанда 35 мың шамасында запастағы офицерлер дайындалды. Осы жылдарда запастағы офицерлерді  дайындау бойынша көптеген жұмыстар атқарылды, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру дәстүрі дамыды» – деп баяндамасын жалғастыра келіп, әскери кафедра соңғы жылдары қолға алынған ізгі бастамаларды айтып өтті.

Салтантты жиын мерекелік құттықтауларға ұласты. Жұртшылықты университеттің академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Ринат Искаков, ардагер Досмұхамед Кішібеков, № 215 бөлімшенің студенты, озат курсант  Сәкен Раметтулла құттықтады. Мерекелік іс-шара  әскери-спорттық ойындар, әскери-дайындық жаттығулары бойынша жарыстарға ұласты. Жас жауынгерлер «АК-74» соғыс құралын  бұзып-жинау жылдамдығы бойынша сынға түсті.  Жаралыны алып жүру жылдамдығы, турникке тартылу, 100 метр қашықтыққа жүгіруден  байқау өткізілді.  Жеңімпаздар  бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Содан соң   мереке қонақтары ҚазҰТЗУ-дың  Әскери кафедрадсындағы заманауи әскери құрылғылармен танысып,  әскери дала қосынан дәм татты.

Ісшараның қонақтары әскери кафедра басшылығын жастарға әскери патриоттық тәрбие берудегі жұмысына алғыс білдірді және өскелең ұрпақты Қазақстанның нағыз патриоттары болуға шақырды.

«Ашық есік» күні Алматы қаласының 300 оқушысы әскери кафедрамен танысты. Оқушыларға оқулық әскери техника, оқулық атыс құралдары, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдары, әүе шабуылына  қарсы қорғаныс техникалары, кіші артилериалық полигон, арнайы дәрісханалар көрсетілді. Мектеп және колледж оқушыларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, әскери кафедра туралы жарнамалық буклеттер таратылды. Әскери кафедра оқытушылары мен қызметкерлері  медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Отан қорғаушылар мен ҰОС жеңіс күнініне арналған әскери кафедра студентері арасында әскери-спорттық эстафетасы жеңімпаздарына университет ректорының аппаратының жетекшісі Мухтыбаев Берик Хамитович және әскери кафедра бастығы әділет полковнигі Сагымбеков Талгат Турганбекович арнайы жүлделер мен  алғыс хаттарды табыстады.

Іс-шараның соңында Отан қорғаушылар мен ҰОС жеңіс күнініне арналған оқу взводтарының арасында саптық жүріспен әнді орындау байқауы өткізілді. Байқауға 2 және 3 курс студенттері қатысты. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша жеңіпаздар аныкталды. Байқаудың барлық жеңімпаздары грамоталармен марапатталды.

Сөйтіп, ҚазҰТЗУ Әскери кафедрасындағы осынау  мерекелік шара  жастардың бойында Отаншылдық сезімін дамытуда өз ықпалын тигізді.

 

Военная кафедра КазНИТУ

Военная кафедра КазНИТУ

Военная кафедра КазНИТУ

Военная кафедра КазНИТУ

Военная кафедра КазНИТУ

Военная кафедра КазНИТУ

Военная кафедра КазНИТУ

Военная кафедра КазНИТУ

Военная кафедра КазНИТУ

Военная кафедра КазНИТУ

Военная кафедра КазНИТУ

Военная кафедра КазНИТУ

Военная кафедра КазНИТУ

Военная кафедра КазНИТУ

257
17 мамыр 2017
Наверх