Әскери кафедрада жаңа мамандық

Әскери кафедрада жаңа мамандық

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 107 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 122 «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары жанында ЖООаралық әскери кафедраларды ашу туралы» бірлескен бұйрықтарына сәйкес, 2015 жылғы қыркүйектен бастап «Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕ АҚ әскери кафедрасында запастағы әскери мамандарды даярлау үшін Қазақстан Республикасындағы жалғыз, «Ұшақ, тік ұшақ және авиациялық қозғалтқыштарды пайдалану және жөндеу» әскери есепке алу мамандығы анықталды.

         Ми-8МТВ (Ми-17) және Ан-26 ұшу аппараттары оқып зерделенуде.

         Пәндер:

  • ұшақтың және тік ұшақтың конструкциясы;
  • авиациялық қозғалтқыштың конструкциясы;
  • ұшақтың және тік ұшақтың авиациялық және радиоэлектрондық жабдықтары;
  • ұшақты және тік ұшақты техникалық пайдалану.

Екі жыл ішінде ұшақтың және қозғалтқыштың конструкциялары бойынша екі арнайы сынып жабдықталды. Қазіргі уақытта авиациялық құрал-жабдықтар бойынша сыныпты жабдықтау үшін оқу материалдарын әзірлеу жүргізілуде. «Ан-26 ұшағының конструкциясы» және «Ан-26 ұшағын радиоэлектрондық жабдықтау» бойынша екі оқу құралы, «Авиациялық құралдар» түрлі түсті альбомы әзірленді.

Осы аталған мамандық бойынша әскери кафедраның үш түлегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына әскери қызметке шақыру туралы баянат жазды.

a1

a2

a3

a4

a5

1366
10 қараша 2017
Наверх