Әскерлерді басқару автоматтандырылған жүйелер

АЛЕКСЕЕВ Виктор Дмитриевич

Цикл бастығы  подполковник Алексеев Виктор Дмитриевич

 

- 1976 ж Алматы облысы Есік қаласында дүниеге келген.
- 1998 ж Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазақҰТУ бітірген.
- 1998 ж шілде айынан бастап 2001ж қаңтар айына дейін Аякөз қаласындағы зениттік-зымырандық бригадасының инженер техникалық бөлімінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
- 2001ж қаңтарда әскери кафедраның оқытушы лауазымына тағайындалды.
- 2004ж РКЛК РТӘ ӘШҚҚ циклдың аға оқытушысы.
- 2007 ж сәуір айынан РҚЛК РТӘ ӘШҚҚ цикл бастығы.
- 2014 ж АӘБЖ және ИЗ цикл бастығы.

 

«Әскерлерді автоматтандырылған басқару жүйесінің» циклы «Автоматтандырылған әскери бөлімшелерін әуе шабуылына қарсы қорғанысын ұйымдастыру» және «Есептеу техникасы және автоматтандырылған басқару жүйесі құралдары объектілерінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету» екі мамандықтары бойынша запастағы офицерлерді даярлайды.
 

Запастағы офицерлер дайындық жұмысын жүргізу барысында тәртіптік ережеге сүйеніп келесі пәндерді оқытады:

- Әскери заңнама негіздерін;
- Тактикалық дайындығын;
- Саптық дайындығын;
- Жалпыәскери жарғысын;
- Тәрбие жұмыстарының әдістемесін;
- Атыс дайындығын;
- Арнайы-тактика дайындығын;
- АБЖ әскерлерімен құру негіздерін;
- АӘБЖ телекоммуникациясы мен ЭВМ желілерін;
- АӘБЖ техникалық қызмет көрсету және жөндеуді;
- АӘБЖ ақпараттық қорғау құралдардың бағдарламасы және аппараттарын;
- Компьютерлік құралдардың құрылымын;
- АӘБЖ үлестірілген деректерді өңдеуді.

 

Циклдың материалдық – техникалық базасы .

Циклдың материалдық – техникалық базасы мыналарды қамтиды:

  1. Әскери даярлық және жалпы әскери пәндер негіздері бойынша сабақтар жүргізуге арналған мамандырылған аудиториялар;
  2. АӘБЖ әскерлері құру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, АӘБЖ
  3. Кешенді ақпараттық қауіпсіздігі жүйесінің мәселелері бойынша    сабақтар жүргізуге арналған мамандырылған аудиториялар;
  4. ӘШҚҚ әскері АБЖ мамандарын даярлай бойынша сабақ жүргізуге     арналған автоматтандырылған жұмыс орындарымен жабдықталған компьютерлік сынып;
  5. АЖБ әскерлері бойынша мамандырылған зертханалар;
  6. Шеберхана.
Наверх