ХАБАРЛАНДЫРУ

     «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕ АҚ Әскери істер институтында (әскери кафедрада) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша өтеулі негізде (ақылы) оқу үшін іріктеу конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталды.

Күндізгі оқу бөлімінде оқитын 1 және 2 курс (жігіттер және қыздар) студенттерінен, жасы 25-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатындардан өтініштер қабылданады.

Мекенжайы: Алматы қ, Байтұрсынұлы к-сі, 140, (Тимирязев көшесінің қиылысы).

Байланыс телефондары: +7-(727)-292-24-27, 292-09-05, 292-00-87.

Өтініштерді қабылдау мерзімі

2018 жылғы 1 наурыздан 20 мамырға дейін

Өзімен бірге болуы тиіс:

  1. Жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  2. Тіркеу куәлігі немесе әскери билеті (түпнұсқасы және көшірмесі);
  3. өлшемді 2 (екі) фотосуреті;
  4. Ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың (бар болған жағдайда) біреуінің немесе қамқорлықтың (қамқоршылықтың) тағайындалуын растайтын құжаттардыңтүпнұсқасы және көшірмесі;
  5. Сотталғанының бар болуы немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
  6. Спорттық разрядын, ағымдағы жылғы орындаушылардың республикалық немесе халықаралық конкурстардағы, соңғы үш жыл ішіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардағы, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік немесе республикалық олимпиадалардағыжүлделі орнын растайтын құжат (бар болған жағдайда)
  7. Жеке істі рәсімдеу үшін екі мөлдір файл.

 

«Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕ АҚ

Әскери істер институтының (әскери кафедра) әкімшілігі

903
23 ақпан 2018
Наверх