Институт туралы

Тарихы


«Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті»


 КЕ АҚ жанындағы әскери кафедрасы 1931 жылғы 1 қыркүйекте КСРО СНК қаулысымен Қазақ тау – кен- металлургия институты жанынан құрылды.


1957 жылдан 1961 жылға дейін әскери кафедрада «Артиллерия взводы командирі» (ӘЕМ) – 14 әскери-есепке алу мамандығы бойынша, 1961 жылдан бастап «ПТУРС  взводы командирі» 0202 - ӘЕМ бойынша запастағы офицерлерді даярлады.


КСРО ҚМ 10.08.1978 жылғы № 0143 бұйрығының «Танкіге қарсы – жою артиллериясы взводы командирі»  0206- ӘЕМ бойынша, «Минометтік взводы командирі» 0210 - ӘЕМ бойынша запастағы офицерлерді даярлау бойынша жаңа мамандықтар ашылды.


1985-1994 жылдары офицерлерді мына әскери есепке алу мамандығы  бойынша дайындауы жүзеге асырылды.
030404 – танкіге қарсы артиллерияның бөлімдері  мен құралымдарын жауынгерлік қолдану;
030405 – минометтік бөлімдерді, бөлімдер мен құралымдарды жауынгерлік қолдану;
430601 – жер үсті, реактивті, танкілі және өздігінен жүретін артиллерияның материалдық бөлімді пайдалану және жөндеу;
444003 – ӘҚҚ радиолокациялық метрлік диапазон кешенін пайдалану мен жөндеу;


1994 -2013 жылдары офицерлерді мына ӘЕМ бойынша дайындау жүзеге асырылды:
030403 - танкіге қарсы артиллерия бөлімшелері ,  бөлімдері мен құралымдарын  жауынгерлік қолдану
030405 – минометтік бөлімшелер, бөлімдер мен құралымдарын жауынгерлік қолдану
430601 – жер үсті, реактивті, танкілік және өздігінен жүретін артиллерияның материалдық бөлімін пайдалану мен жөндеу
444003 - ӘҚҚ радиолокциялық  метрлік диапазон кешенін пайдалану мен жөндеу   

   
2013 жылы бастап 7 әскери – есепке алу мамандықтары бойынша жүзеге асырылады.
030400 – «Жер үсті артиллериясы  бөлімшелерін, бөлімдері мен құралымдарын жауынгерлік  қолдану»
030405- «Минометтік бөлімшелерді жауынгерлік қолдану»
430601 – «Жер үсті, реактивті, танкілі және өздігінен жүретін артиллериясының материалдық бөлімін пайдалану мен жөндеу»
444003  «Радиолакциялық әуе қорғанысы метрлік диапазон кешенін пайдалану мен жөндеу»
130704  «Автоматтандырылған әскери бөлімшелерін әуеге қарсы қорғанысын ұйымдастыру»
300300  «Есептеу техникасы және автоматтандырылған басқару жүйесі құралдары объектілерінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
520100  «Байланыс құралдарын пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру»


2014 жылдан бастап «Ұшақтарды, тікұшақтарды және әуе қозғалтқыштарын пайдалану  мен жөндеу»  461000  ӘЕМ қосымша енгізілді.
     

2015 жылдан бастап 131100 «Байланыс әскерлік басқаруды автоматтандыруды ұйымдастыру» және 670200 «Қаруландыру мен әскери техникасы метрологиялық қамтамасыз ету» әскери есепке алу мамандығы қыздарға арнап ашылды.

 

Мақсаттары және міндеттері
Әскери кафедрада студенттерді әскери даярлау Қазақстан Республикасының Қарулы күштері, өзге әскерлері мен әскери құралымдар үшін запастағы офицерлерді дайындау мақсатын көздейді.  
Әскери дайындық мақсаты ҚР ҚК жұмылдыра өрістету үшін  әскери-оқу резервінің қорын сапалы дайындау болып табылады.

 

Циклдар
1.    Техника мен қаруды пайдалану мен жөндеу циклы
2.    Әуеге қарсы қорғаныс циклы
3.    Артиллерияны жауынгерлік қолдану циклы
4.    Автоматтандырылған әскерлерді басқару жүйесі циклы
5.    Ақпаратты қорғау циклы         

 

Наверх